Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды

9 Шілде 2024, 20:50
251
Бөлісу:
Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды
Фото: BAQ.KZ -архив

Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген жасөспірім анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

9 шілде күні сағат 13.45 шамасында Қарағанды облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, Қарағанды қаласында орналасқан “ЦУМ” сауда үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған. 

Оқиға орнына бірден барлық жедел қызмет жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері сауда үйінен 230 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Сауда үйі тексеріліп, ол жерден жарылғыш зат анықталған жоқ. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 15 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қарағанды облыстық полиция департаменті терроризм бойынша жалған көрнеу ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы