Қарағандыда «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31 Мамыр 2022, 09:24
1549
Бөлісу:
Қарағандыда «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
PHOTO

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 30 мамыр күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым—өткенге тағзым» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Шараны Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен облыстық ҚХА ұйымдастырған. Жиынға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары. ҚХА мүшелері, өңірдің этномәдени бірлестіктері қатысты. Сондай-ақ конференцияға Литва, Польша, Ресей Федерациясынан ғалым-зерттеушілер, Швейцария, Финляндия, Германия, Норвегия, Швеция, Дания сынды Еуропа елдерінен бір топ қандас бауырларымыз келді.

Миллиондаған адамдардың өмірін ойран еткен, қаншама халықтың басына қара жапқан бұл кезеңді есте сақтау, зерттеу, жас ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық парызымыз деп білемін. Жастарды ұлттық тарихымызды құрметтеуге, дәріптеуге баулу біздің мақсатымыз. Бүгінгі конференцияның маңызы да осында,- деді Е.А.Бөкетов атындағы университеттің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков.

Қарағандыда «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жиын барысында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысы Нұрлан Бикенов құттықтау сөз сөйлеп, конференцияның пленарлық отырысы аясында суретші, «Атом» антиядролық қозғалысының мүшесі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтті. 

Конференция қонағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, БҒМ Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» ММ директорының орынбасары, ҰҒА құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аяған Бүркітбай Гельманұлы «Сталинизмнің қуғын-сүргін саясаты: негіздері, кезеңдері мен салдары» тақырыбында баяндама оқып, Сталиннің озбыр саясаты мен оның дәлелі болатын мұрағат құжаттары туралы айтты.

Біз бір топ тарихшылар Пезидентке ашық хат жолдап, қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандары жайлы зерттеуді қайта жаңғыртуды сұраған едік. Хатқа қол қойғандар қатарында Қарағандылық тарихшылар да бар. 2020 жылы Президенттің жарлығымен қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандары жайлы зеттеу жүргізетін комиссия құрылды. Екі жыл бойы архив ақтарып, Сталиндік кезеңге тән құжттармен таныстым. Жан түршігерлік құжаттар қатарында мемлекетті біртіндеп тазарту жоспары жазылғаны да бар екен. Әрине олар бірінші зиялы қауымнан  бастаған. Қарағанды облысында орналасқан Карлаг - саяси қуғынға ұшыраған тұтқындардың көп бөлігі қамалып, азапталған ошақ ретінде белгілі. Сол себепті де осы тақырыпта әлі де зерттеу жұмыстарын жалғастыру керек, - деді ғалым Бүркітбай Аяған.

Литва тұрғындарының геноцид және резистенциясы орталығының директоры, мұрағатшы, тарихшы, философия докторы Арунас Бубнис өз ұлтына жасалған қастандық пен Балтық елдерінің Кеңес Одағынан көрген қорлығын айтып, қазіргі күні Литвада қуғын-сүргін құрбандары туралы зерттеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатқанын баяндады.

Қарағандыда «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жиында Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, еврей этномәдени орталығының төрағасы, Қарағанды медицина университетінің профессоры Молотов-Лучанский Вилен Борисов «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым»-Қазақстан халқы Ассамблеясының патриоттық тәрбиесінің негізгі тұжырымдамасы» тақырыбында, ал,  Академик Е.А.Бөкетов университетінің қауымдастырылған орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнаш Тоқашқызы «Алашордашылардың ағартушылық және қоғамдық қызметі туралы» айтса , сол университеттің тарихшы-зерттеушісі, Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Әділет Жағыпар «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау, «Есеп» партиясы жастарының астыртын ұйымы мысалында» тақырыбында баяндама оқыды.

«Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» конференциясы жалпыұлтық тарихи сананы қалыптастырып, ортақ тарих негізінде еліміздегі бірегейлік пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосты деген сенімдеміз.

Өзгелердің жаңалығы