Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

13 Сәуір 2023, 19:02
1329
Бөлісу:
Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады
PHOTO

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері сабаққа камзол киіп, күміс әшекейлер тағып келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

"Жас орда" жастар қауымдастығы ұлттық Ғашықтар күні қарсаңында челлендж жариялады.

Қыздар әжелері сыйға тартқан киімдерін киіп, өзгелерге үлгі болды: ұлттық бұйымдарды заманауи күнделікті киіммен үйлестіру әдемі және стильді екенін көрсетті.

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

Бізде жастар өте креативті. Ұлттық Ғашықтар күніне орай біз студенттер арасында байқау жарияладық. Университетке ұлттық киіммен келу керек. Фото немесе видео түсіріп, Instagram-да #OZGESESTU хэштегімен жариялау қажет. Ұлттық киім мен зергерлік бұйымдар бүгінде сәнге айналуда. Бұл жай ғана әдемі көрініс емес, ең бастысы – мәдениет пен дәстүрді сақтауға көмектеседі, – деді "Жас орда" ЖҚ төрағасы Әділхан Назым. 

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

Тау-кен факультетінің екінші курс студенті, болашақ геофизик Гүлім Түсіпова біледі: зергерлік бұйымдар – бұл әсем әшекейлер ғана емес, сонымен қатар тұмардың бір түрі, олардан иесінің жасы мен әлеуметтік мәртебесін білуге болады.

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

Әжем маған бұл туралы көп айтатын. Мысалы, басқа тағатын шекелікті қыздар тұрмысқа шыққанға дейін киеді. Ал мұндай білезік қыздың өте нәзік екенін білдіреді. Бұл әшекейді менің эскизім бойынша құрбым Наурыз мерекесіне арнап жасаған. Университетке киіп келген көкірекше – әжемнің сыйы. Мен мектепті бітірген кезде тігіп берген, – деп бөлісті Гүлім.  

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

Бірінші курс студенті Ақтоты Бадамбаеваның қамзолы – отбасылық жәдігер.

Бұл камзолдың тігілгеніне он жылдан астам уақыт өтті. Оны марқұм әжем тіккен. Ұлттық киім – әжемнен қалған естелік. Мен әрқашан әжемнің қолдауын сезінемін, – дейді энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің студенті.

Қарағандыда студенттер ерекше челлендж бастады

Мөлдір Рахымбекова осы факультеттің екінші курсында оқиды. Бойжеткеннің айтуынша, оның киімін де әжесі сыйлаған. Ұсақ моншақтармен кестеленген камзолды тәтесі сақтап қалған, содан кейін жиеніне сыйлаған.

Байқау қорытындысы 14 сәуірде, халық эпосының кейіпкерлері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың құрметіне арналған концертте жарияланады. Ең ерекше және креативті студенттерге демеушілерден сыйлықтар табысталады.

Өзгелердің жаңалығы