Қарағандыда шаңғы тебуден жарыс өтті

30 Желтоқсан 2022, 21:30
936
Бөлісу:
Қарағандыда шаңғы тебуден жарыс өтті

Спорттық шараға қатысқысы келетін тұрғындардың жасына шектеу қойылған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Сайысқа шамамен 100-ден астам адам жиналды. Бұл күні кәсіпқой спортшылармен қатар әуесқойлар да бабы мен бағын сынады. Нәтижесінде үш шақырым қашықтықты алғаш бағындырған үштік жеңімпаз болды. 

Биыл біз жаттығу жиындарын өте кеш бастадық. Себебі қар тым кеш түсті. Бірақ соған қарамастан шаңғышыларымыз әр-түрлі жарыстарда жақсы өнер көрсетіп жүр. Қарлы өңірлерге бәсекелеспіз десе де болады. Біздің жаттықтырушылар спорт десе ішкен асын жерге қоятын, жоқтан бар жасайтын нағыз талант иелері, - деді жаттықтырушы Нұрислам Темірбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы