Қарағандыда қатты бораннан бағдаршам жұлынып кеткен

11 Қаңтар 2024, 15:45
465
Бөлісу:
Қарағандыда қатты бораннан бағдаршам жұлынып кеткен
Фото: Артём Чурсинов - архив

Кеше қатты бораннан жарық сөніп қалған Қарағандыда қала ортасындағы бағдаршам жұлынып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов Instagram-дағы парақшасында кешегі қатты желден кейін электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын екенін, Майқұдық пен Пришахтинскіде жарықсыз отырған бірнеше үй қалғанын айтты.

Қайырлы күн қарағандылықтар! Кешегі боран мен қатты желден кейін электр желілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстардың басым бөлігі аяқталды, Майқұдық пен Пришахтинскіде бірнеше үй қалды, “Қарағанды Жарық” мамандары жұмыс істеп жатыр, менің ойымша, жақын арада аяқталуы тиіс, - деді ол.

Әкімнің сөзінше, желдің күштілігі сонша бағдаршамды жұлып әкеткенін атап өтті.

Глобал Сити маңындағы бір бағдаршамды қатты жел жұлып алды. Біз оны тез арада шешіп алдық, жақын арада кепілдік мерзім аясында мердігер оны бұрынғы орнына орнатады. Басқа бағдаршам нысандары әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Әрі қарай жұмыстарды жалғастырамыз, - деді Кожухов.

Қала басшысы қарағандылықтарға ескерту жасады.

Барлық тұрғынға ескертемін! ТЖ мәліметінше,  бүгін тағы да боран болады деп күтілуде. Мүмкіндігінше үйлеріңізде болыңыздар және қала сыртына шықпаңыздар. Ауа райы нашарлаған жағдайда жұмыс берушілерден өз қызметкерлерін үйге ерте жіберулерін сұраймын. Электр энергиясы және дауылдың салдары туралы өз сұрақтарыңызды, өтініштеріңізді, тілектеріңізді ватсапқа жазыңыздар 87025578257, - деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы