Қарағандыда полицейлер әйелімен жанжалдасқан ер адамды суицидтен құтқарды

3 Қазан 2022, 12:15
809
Бөлісу:
Қарағандыда полицейлер әйелімен жанжалдасқан ер адамды суицидтен құтқарды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағандылық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарып қалды. Полицияға әйел адам хабарласып, жұбайы өз-өзіне қол салғалы жатқанын айтқан. Жақын маңда жүрген патруль көрсетілген мекенжайға жедел жетеді. Қоңырау шалған әйел полицейлерге жұбайының жанжалдан соң үйден кетіп қалғанын, одан соң түн ортасында видеобайланыспен хабарласып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқанын жеткізеді. Полицейлер аумақты аралап шығады. Көліктің  жарығы арқылы әткеншектің металл кермесіне ілініп тұрған ер адамның сұлбасын көреді. Ер адамнан тіршілік белгісі байқалмаған, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі. 

Тәртіп сақшылары оны жіптен босатып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Инспектор оның кеуде қуысына массаж жасаған соң арада екі минут өткенде ер адам тыныс алып, көзін ашады. Жедел жәрдем шақырылғанымен, азамат ауруханаға жатудан бас тартқан. Ер адам әйелімен бірге әрі қарай істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Өзгелердің жаңалығы