Қарағандыда облыстық қолөнершілер форумы өтеді

Қарағандыда облыстық қолөнершілер форумы өтеді
451

Қарағанды Достық үйінде 29 қаңтар, жексенбі күні облыстық қолөнершілер форумы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шеберлер өз шығармашылықтарын таныстырады, сонымен бірге бір-бірімен тәжірибе алмасады.

Іс-шараны өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Іскер әйелдер қауымдастығы, ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.

Қолөнершілердің бұйымдарын сататын көрме болады. Сонымен қатар шеберлік сабақтары өтеді. Форум қатысушыларына өз ісін дамыту және ілгерілету үшін пайдалануға болатын мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылады.

Қолөнершілер форумы сағат 09:00-де басталып, 16:00-ге дейін жалғасады.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы