Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

15 Желтоқсан 2022, 20:28
1664
Бөлісу:
Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

Қарағандыда "Тәуелсіздік белгісінің" тұсаукесері өтті. Естелік сурет Qazaq club бастамасымен жасалды. 2020 жылы шыққан "Тәуелсіздік лентасы" негізге алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

Белгінің ортасында Қазақстан Республикасының картасы орналасқан. Шеңберде сегіз маңызды тарихи даталар бар. Олардың жанында қазақ тарихының көрнекті тұлғалары, мемлекет және қоғам қайраткерлері бейнеленген: ғұндар мемлекетінің негізін қалаушылар Мөде-қаған, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек, Үш жүзді біріктіруші Абылайхан, соңғы қазақ ханы, батыр Кенесары Қасымұлы, "Алаш" қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан. Сондай-ақ белгіде Түркі қағанатының символы – "Бөрілі байрақ" Туы және Есік қорғанынан табылған Алтын адам бар.

Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

"Тәуелсіздік белгісі" 2500 жылға созылған қазақ тарихының барлық негізгі тарихи кезеңдерін қамтиды. Онда сегіз тарихи даталар мен алты тарихи тұлғалар бейнеленген. "Тәуелсіздік белгісі" - жоспарланған бес жобаның үшінші жобасы. Бұған дейін Қазақстанның әскери тарихына арналған "Тәуелсіздік лентасы" және "Жауынгерлік Даңқ лентасы" жарық көрді, – деді "Тәуелсіздік белгісінің" авторы Нұржан Сұршаұлы.

Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

Белгінің "ең биік нүктесінде" Қазақстанның тәуелсіздік алған тарихи күні – 1991 жыл көрініс тапты. Күн мен ашық кітап жаңа дәуірдің басталуын және ғылымның дамуымен байланысты болашақты білдіреді. Қазақ ұлттық ою-өрнегі мәдениет пен тарихты сақтауға шақырады.

Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

"Тәуелсіздік белгісін" кеуденің сол жағында – жүрек тұсына тағу керек. Оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік мереке күндері таққан жөн. Бірақ күн сайын ел тарихына құрмет ретінде де тағуға болады.

Белгі қазақ халқының тарихы мен дәстүрлерін жастар арасында насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, "Тәуелсіздік белгісін" тағу – әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік. Белгінің иегері көрнекті қазақ қайраткерлерінің істерін жалғастыруға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, жастар арасында қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеуге жәрдемдесуге ұмтылуға тиіс, деп атап өтті "Тәуелсіздік белгісін" құрудың бастамашылары.

Қарағандыда көпшілік назарына "Тәуелсіздік белгісі" ұсынылды

Тәуелсіздік белгісі мен лентасын жас ұрпақ арасында насихаттау үшін келесі жылы "Тәуелсіздік белгісінде" бейнеленген тұлғалар туралы баяндайтын Тарихи спектакль ұсынуды жоспарлап отырмыз, – дейді Нұржан Сұршаұлы.

Өзгелердің жаңалығы