Қарағандыда картоп бағасы 30% арзандады

7 Сәуір 2023, 13:03
801
Бөлісу:
Қарағандыда картоп бағасы 30% арзандады
Фото: Қарағанды облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Өңірдегі сауда желілеріне көкөністерді жеткізуде артық делдалдардың бар екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көтерме сауда базарларында азық-түлік тауарлары бағасын қоюдағы делдалдық схемаларға тергеу жүргізетін комиссия құрамында жұмыс істейді.

Талдау барысында өңірдегі сауда желілеріне көкөністерді жеткізуде артық делдалдардың бар екені анықталды. Сауда желілері өкілдеріне тікелей тауарөндірушілермен жұмыс істеу ұсынылды. Сөйтіп департаменттің бастамасымен әкімдік алаңында  «Корзина» және «Южный» супермаркеттер желісіне «Нейдоровское» картобын делдалсыз тікелей жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Сәйкесінше картоп бағасын 160-180 теңгеден 115 теңгеге арзандатылды. Сонымен қатар «Норма» супермаркетіне «Шанс» әлеуметтік картобы келісіне 70 теңгеден деген бағамен бекітіліп, тікелей жеткізіледі. Нәтижесінде картоп бағасы 30%-ға арзандады, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңның 9-бабына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қойылатын үстемені шекті мөлшері өндіруші қойған бағадан немесе көтерме сауда өнімін жеткізушінің қойған бағасынан 15%-дан аспауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы