Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті

22 Қаңтар 2023, 12:12
730
Бөлісу:
Қарағандыда газ жарылып, екі адам зардап шекті
Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласында газ жарылысы кезінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 қаңтар күні сағат 18:51-де Қарағанды ​​қаласы, Щорса көшесі, 37 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылып, одан кейін №6 пәтер (2-қабатта) мен жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған. 

Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, күйік шалып Қарағанды ​​қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды. Оқиға орнына ТЖД күштері (36 қызметкер мен 8 техника) жұмылдырылған.

Құтқарушылар құлау қаупі бар құрылыс бөлшектерін демонтаждау бойынша жұмыс жүргізді.

Қала әкімдігі подъезд тұрғындарына жатақханадағы орындарды ұсынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы