Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан 20 жастағы қыз ұсталды

7 Сәуір 2023, 15:30
669
Бөлісу:
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан 20 жастағы қыз ұсталды
Фото: polisia.kz

Күдіктіні Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ұстаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицейлер Қарағандыдағы Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сақтау және өткізу қылмысына күдікті деп танылған қызды ұсталды. Тінту барысында одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленген. Ол тұратын пәтерді тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапқан.

Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған қыз қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы