Қарағандыда екі автобус соқтығысып 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанды

25 Қараша 2022, 11:00
587
Бөлісу:
Қарағандыда екі автобус соқтығысып 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақаттанды

Қарағандыда 25 қараша күні таңертең көпірде екі автобус соқтығысып, 1 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан № 41 автобус жүргізушісі сол жерде қаза болып,  № 146 маршрут жүргізушісі мен  15-ке жуық адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға кезінде № 41 автобуста адам болмаған, - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ЖКО орнында жедел-тергеу тобы, ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы