Қарағандыда екі аудан мен бір қала әкімі сайланады

9 Қыркүйек 2023, 02:21
1073
Бөлісу:
Қарағандыда  екі аудан мен бір қала әкімі сайланады
Фото: Арман Мухатов

Қарағанды облысында екі аудан мен бір қала әкімін сайлап көреді. Мәслихат депутаттары сайлаудың күнін де анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақтоғай және Осакаров аудандарында, сондай-ақ, Приозерск қаласында жергілікті тұрғындар әкімді сайлайды. Сайлау 5 қарашаға белгіленіп отыр. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тиісті қаулылар қабылданды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын шақыруға Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлануын сынақтан өткізу қажеттігі туралы тапсырмасы негіз болды. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қорытындысы бойынша пилоттық өңірлер ретінде депутаттық корпус Ақтоғай және Осакаров аудандарының, сондай-ақ Приозерск қаласының әкімдерін сайлауды ұсынды", – деді мәслихаттың төрағасы Нүркен Қобжанов.

Айта кетері, бұған дейін аудан мен қала әкімдерін тек жергілікті мәслихат депутаттары ғана сайлаған.

Өзгелердің жаңалығы