Қарағандыда балаларды оңалту орталығы ашылды

3 Шілде 2023, 17:25
758
Бөлісу:
Қарағандыда балаларды оңалту орталығы ашылды
Фото: Хабар24

Қарағандыда сал ауруына шалдыққан және туабіткен ақауы бар балалар облыстық клиникалық ауруханада оңалтудан өте алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа орталық ұзақ әрі жүйелі емдеуге арналып, заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Физиотерапия, массаж бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу залдары жұмыс істейді. Орталықта тұрақты жатып қаралуға да, күндіз келіп ем алуға да болады. Мұнда жылына 600 бала сауықтыру курсынан өтеді деп жоспарланып отыр. 

Қазір 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларды оңалтуға қабылдап жатыр. Облыстық клиникалық аурухана енді 17 жасқа дейінгі балаларға арналған осындай орталық ашуды жоспарлап отыр. 

Бұл орталықтың құрамына «Қамқорлық» орталығы және тірек-қимыл аппаратының бұзылуы ерте анықталған балаларды дамыту орталығы кіреді. Орталық жоғары білікті логопед, дефектолог, психолог, терапевт мамандарымен қамтылған. Олар әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді, - деді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары  Нина Деркач. 

Өзгелердің жаңалығы