Қарағандыда адасып кеткен отбасы табылды

22 Наурыз 2024, 08:52
541
Бөлісу:
Қарағандыда адасып кеткен отбасы табылды

Қарағандылық құтқарушылар үш адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағанды облысының Шахан кентінде 3 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Азаматтар Шахан кентінен 3 км қашықтықтағы дала массивімен үйге бара жатқанда адасып кеткен. Бұл ретте ер адам аяғымен басып жүре алмай қалғаны белгілі болды.

ТЖД іздестіру тобы жоғалған азаматтарды тауып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды, - делінген ведомство хабарламасында.

Есек сала кетейік, бұған дейін Ертісте мұз жарылып, 11 жастағы баланы ағыс алып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы