Қарағандыда 400 сарбаз әскери ант қабылдады

24 Қаңтар 2023, 19:21
998
Бөлісу:
Қарағандыда 400 сарбаз әскери ант қабылдады

Қарағандыдағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде Жамбыл, Алматы, Ақмола, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысынан келген 400 сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жас жауынгерлерді қолдауға ата-аналары, туған-туыстары жиналған. Олар енді қала көшелерінде қоғам тыныштығын сақтау, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды күзету және сот отырыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін атқарады. Қазір мұнда 850-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.  

Өзім қатты қаладым. Ұнап жатыр, күннен күнге жаңа нәрселер үйреніп, өзімді әрі қарай жетілдіріп жатырмын қазіргі таңда. Құдай қаласа контрактпен қалуға әрекет жасаймын. Негізі әскери адам болу еркек адамға жарасады ғой, - дейді 6505 әскери бөлімінің сарбазы Нұржан Жақсылықов.

Өзгелердің жаңалығы