Қарағандыда 2 жасар бала 11 магнитті жұтып қойған

7 Ақпан 2023, 19:10
939
Бөлісу:
Қарағандыда 2 жасар бала 11 магнитті жұтып қойған

Қарағандылық дәрігерлер ойыншықтың ішіндегі 11 батареяны, жұтып қойған 2 жастағы баланы аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

 Ағзасына түскен қауіпті заттар ішекті жаралап, бір-біріне жабысып қалған. 

Сәбидің жағдайы ауырлай бастаған. Рентгенге түсіріп, ішінде бөгде заттар бар екенін байқаған дәрігерлер, жедел операция жасауды ұйғарады. 2 сағатқа созылған операция  кезінде 11 батарея алынды.  

Қазір баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр.  Былтыр облыста 120 бала, неше түрлі зат жұтып қойып, ауруханаға түскен.  80 балаға шұғыл операция жасалған. 

Жалпы бөгде заттары бар балалар біздің балалар ауруханасына күнде келіп түседі. Бірақ, осындай асқынумен келіп түсетіндер аз. Ондай жылына 1-2 болуы мүмкін. Статистика бойынша мұнда жылына бір 50-60 балада болады. Тиын, ойыншық, жаңағындай магнит жұтады, - деді облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары Жанат Елубаев.

Өзгелердің жаңалығы