Қарағандыда 15 тоннадан астам дизель отынын ұрлау схемасы анықталды

16 Тамыз 2022, 18:47
1274
Бөлісу:
Қарағандыда  15 тоннадан астам дизель отынын ұрлау схемасы анықталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті азамат Ө. Елубайұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 2021-2022 жылдары локомотив депосының машинистерінен дизель отынын сатып алып, оны одан әрі Жаңаарқа ауданы және Жаңаарқа елді мекенінің аумағында өткізу үшін сертификатталмаған екі цистернада сақтаған.

Тексеру барысында жер асты цистерналарынан жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асатын шығу тегі заңдылығын растайтын құжаттары жоқ 15 тоннадан астам дизель отыны табылды.

Тергеу барысында «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дизель отынын ұрлау схемасы анықталды. Ұрлыққа қатысы бар 9 қызметкер тергеушінің ұсынысы бойынша жұмыстан босатылды.

Сот үкімімен Елубайұлы кінәлі деп танылып, бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Департамент қызметкерлерінің іс-әрекетінің арқасында Қарағанды ​​облысында еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы мемлекеттің мүдделерін қорғауға ықпал ететін мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымының жолы кесілді.

Өзгелердің жаңалығы