«Қарағанды жарыққа» 5 млн теңгеге айыппұл салынды

13 Сәуір 2023, 16:23
582
Бөлісу:
«Қарағанды жарыққа» 5 млн теңгеге  айыппұл салынды
Фото: egemen.kz

Қарағанды облысының ТМРКД «Қарағанды жарық» АҚ-на 5 млн теңгеге жуық сомаға айыппұл салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша, Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қарағанды Жарық» ЖШС-на 4900800 (төрт миллион тоғыз жүз мың сегіз жүз) теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Қарағанды Жарық» ЖШС электр энергиясын беру қызметі бойынша Қарағанды облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген.

ТМРДКД-ның атына заңды тұлғадан «Қарағанды Жарық» ЖШС-ның электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету шартын жасасудан негізсіз бас тартуы туралы өтініш келіп түсті, осыған байланысты ТМРКД-ның мамандары «Қарағанды Жарық» ЖШС-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулық шығарылды.

Сонымен қатар, монополист-субъектіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, ол субъектінің арызы бойынша сотқа қарауға жіберілді.

Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 30 наурыздағы қаулысымен реттеліп көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті рұқсат етілген шектегені үшін, «Қарағанды Жарық» ЖШС-на қаысты 4 900 800 (төрт миллион тоғыз жүз мың сегіз жүз) теңге мөлшерінде айыппұл салу арқылы жауапкершілікке тарту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және «Қарағанды Жарық» ЖШС сот шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап, 10 күн ішінде шағым жасай алады.

Өзгелердің жаңалығы