Куәгерлердің айтуынша, нөмір сақтандыру тросынсыз орындалған. Трюк көрсетіп тұрған акробат тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлап кеткен.
«Шынымен де өте қорқынышты. Оның үстінде тұрған қыз аяғы тайып кеткендей болды, оны сақтандыру тросымен бірден тартып қалды, ал жігіт төмен қарай ұшып кетті. Өте өкінішті, бәрі аман-есен болса екен», – деп жазды көрермендердің бірі әлеуметтік желіде.
Оқиғадан кейін әртіске дәрігерлер шақырылып, көмек көрсетілген.
BAQ.KZ сауалынан кейін Қарағанды облысының ДСБ баспасөз қызметі акробаттың жағдайы жақсы екенін айтып, қысқа ғана жауап жолдады.
«Жағдайы бірқалыпты, емін алып жатыр», – делінген жауапта.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер Қарағандыда жаңа туған нәрестеге күрделі жүрек операциясын жасады.
Тағы оқи отырыңыз:
«Еңбегі мүлде болмаған»: Атырауда 6 айлық сәбиге күрделі ота жасалды
Алматыда 5 жасар баланың жұлынып қалған саусағы қалпына келтірілді
Бетінде тыртық қалып, жүйкесі зақымданған: Ақтаулық әйел сәтсіз пластика үшін хирургті сотқа берді