Қарағанды облысының санитарлық қызметіне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

12 Желтоқсан 2022, 13:50
882
Бөлісу:
Қарағанды облысының санитарлық қызметіне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды

Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сегіз Chevrolet алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа көліктер республикалық бюджет есебінен сатып алынып, өңірдің ведомстволық бағынысты басқармаларына таратылды.

Бұл біз үшін қомақты көмек. Үй ошақтарына, ауруханаларға бару, уақтылы сынама алу, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау және т. б. үшін жаңа машиналарға деген қажеттілік зор болды. Біздің қызметке көптеген міндеттер жүктелген, сондықтан біз үшін жеделдік өте маңызды, – деп атап өтті Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин.

Бүгінгі таңда Департаменттің балансында жаңа көліктерді қоса санағанда 24 машина бар. Бірақ олардың сегізі өз мерзімін өтеген және одан әрі пайдалануға жарамайды.

Алдағы үш жыл ішінде ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елдің санитарлық қызметтерінің барлық автопаркін жаңартуды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы