Қарағанды облысындағы табиғи өртті 200 адам сөндіріп жатыр

Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 istockphoto.com 15 Тамыз 2026, 19:52
15 Тамыз 2026, 19:52
185
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында Суықсу және Қызылту ауылдарының маңында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Суықсу ауылының маңындағы өрт оқшауланды. Елді мекеннен солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан таулы-шоқылы аумақта құрғақ шөп өртенген.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта жекелеген учаскелерге су себіліп, қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған.

Наверх