Қарағанды облысында жолаушы тасымалына қатысты 103 заңбұзушылық анықталды

Тексеру нәтижесінде талаптарға сәйкес келмеген 28 көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 21 Қыркүйек 2026, 03:40
21 Қыркүйек 2026, 03:40
136
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қарағанды облысында жыл басынан бері республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушы тасымалына қатысты 103 заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, автобустардың конструкциясында қарастырылмаған қосымша жатын орындарды заңсыз орнатудың 56 дерегі тіркелген. Сондай-ақ шағын автобустармен жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қатысты 47 заңбұзушылық анықталды.

Тексеру нәтижесінде талаптарға сәйкес келмеген 28 көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізушілерге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Полиция мұндай заңбұзушылықтар жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертті. Өңірдің республикалық маңызы бар автожолдарында жолаушылар тасымалына бақылау жалғасады.

Наверх