Қарағанды облысында жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

25 Қыркүйек 2023, 05:36
490
Бөлісу:
Қарағанды облысында жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қарқаралыда саңырауқұлақ теру үшін орманға кетіп, сол күйі жоғалып кеткен зейнеткер әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әйелдің жансыз денесі Берлога демалыс үйінен оңтүстікке қарай 8 шақырым жерден табылды, деп жазады "Вечерняя Караганда".

Айта кетсек, егде жастағы әйел 20 қыркүйекте саңырауқұлақ теру үшін орманға кеткен. Төрт күн бойы 72 жастағы зейнеткерді құтқарушылар, полицейлер, орманшылар және оның туыстары іздеумен болды.

Өзгелердің жаңалығы