Қарағанды облысында Торанғалық курорттық кенті Балқашқа қосылады

22 Маусым 2023, 19:13
811
Бөлісу:
Қарағанды облысында Торанғалық курорттық кенті Балқашқа қосылады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысында Балқаш қаласының шекарасы ұлғаюда. Қалаға Ақтоғай ауданына қарасты Торанғалық кенті қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл көптен күткен өзгеріс курорттық ауылды дамытуға және туристердің демалысын жайлы етуге мүмкіндік береді.

Бұл туралы шешімді облыстық мәслихат депутаттары кезекті, үшінші сессияда қабылдады.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Балқаш қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Ақтоғай ауданының Торағалық ауылдық округі жойылсын, кейіннен оның аумағы Балқаш қаласының әкімшілік бағынысына енгізіле отырып, оны есептік деректерден алып тасталсын, – делінген құжатта.

Экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева барлық заңды рәсімдер жүргізілгенін атап өтті. Бұған дейін Балқаш қаласының шекарасын өзгерту туралы үкіметтік қаулы шыққан болатын.

Шешім Торағалық ауылдық округіндегі жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеу рәсімдерін жүргізу үшін әкімшілік реттеуді шешу мақсатында ұйғарылды, – деп түсіндірді Татьяна Аблаева.

Өзгелердің жаңалығы