Қарағанды облысында сүңгуірлер көл табанын тазартты

24 Мамыр 2023, 20:55
540
Бөлісу:
Қарағанды облысында сүңгуірлер көл табанын тазартты

Қарағанды облысының да сүңгуір-құтқарушылары көл табанын тазартып, шомылу маусымына дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Қазір өңірде шомылуға рұқсат етілген 76 және тиым салынған 240 жағажай бар. Күн жылынып, су қызған соң олардың барлығында демалушылар көбейеді, - дейді мамандар. 

Сүңгуірлер су түбінен шыны шөлмектер, темірбетон сынықтарын, ағаш, ау, тас, басқа да қоқыстарды алып шықты. 

Сынған шыны шөлмектер көл табанында көп кездеседі. Бұл өте қауіпті. Суға жүзгенде өткір жүзі қол-аяғыңды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан біз түгел тазартамыз. Тұрғындардың алаңсыз демалуына жағдай жасаймыз, - дейді облыстық сүңгуір-құтқарушы бөлімінің басшысы Владимир Гаврильков.

Өзгелердің жаңалығы