Қарағанды облысында су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда

1 Сәуір 2024, 12:00
315
Бөлісу:
Қарағанды облысында су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысының Шет ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипатта бір төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы ТЖД сілтеме жасап.

Қазірге дейін Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарының аумағындағы су тасқыны жағдайына байланысты, онда 40 үйді су басып, 292 адам эвакуацияланған, оның ішінде 114 бала бар.

Қарағанды облысында су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда

Қазіргі уақытта эвакуацияланғандардың барлығы қауіпсіз жерлерде. Қауіп және су деңгейі төмендеген кезде тұрғындарды тұрғылықты жерлеріне қайтару мәселесі қаралатын болады.

Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Судың толып кетуінің алдын алу үшін су ағызу жүргізілуде. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымақ, Шерубай-Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты су ағызылатын жерден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бір тәулік аралығында 5190 бірлік қап төселді, 13 500 текше метр су сорылды, 273 адам, 23 бірлік техника тартылды.

Қарағанды облысында су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда

Нұра ауданы, Нұра кентінде, Құндызды өзенінің үш учаскесінде мұз кептелісін жою үшін жалпы ауданы 8000 шаршы метр мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді.

Тәулік бойы режимде ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб жұмыс істейді – (8-7212) 51-11-10.

Қарағанды облысында су тасқынының салдарын жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда
Өзгелердің жаңалығы