Қарағанды облысында сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

18 Қыркүйек 2023, 22:17
566
Бөлісу:
Қарағанды облысында сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

15 қыркүйекте сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланысты қолдау, моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 36 мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бұл күнді сотталғандар асыға күтті. Іс-шараға келген сотталғандардың туыстарын мекеме бастығы Еркебұлан Каргалтаев қарсы алып, мекемеде ұстау шарттары, сотталғандарды жұмысқа орналастыру және еңбекақы төлеу тәртібі, сондай-ақ ізгілік актілерді қолдану туралы айтып берді. Әрі қарай қонақтар жазаны өтеу шарттарымен танысып, жатын бөлмелерді, тәрбие жұмысын жүргізу бөлмесін, мекеменің асханасын қарап, жақындарымен бір дастарханда шай ішуге мүмкіндік алды.

Қарағанды облысында сотталғандар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды

 Отбасымен ажырасу және жалпы пайдалы байланыстардың жоғалуы түзету процесін қиындатады. Біздің жүйенің қызметі жазаны орындау болып саналады және ең маңызды аспектілердің бірі – сотталғанға түзету жолында моральдық психологиялық көмек көрсету, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Арман Кошкинов.

Өзгелердің жаңалығы