Қарағанды облысында санитарлық дәрігер COVID-19-дан қайтыс болды

11 Маусым 2020, 18:30
1248
Бөлісу:
Қарағанды облысында санитарлық дәрігер COVID-19-дан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл ақпаратты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті растады.

Иә, 1963 жылғы санитарлық дәрігер қайтыс болды. Бұл облыстағы алтыншы өлім, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігер Ботақара ауылынан болған. Бұған дейін бұл ауыл карантинге жабылған еді.

Айта кетейік, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 13558, емделіп шыққандар - 8400, кайтыс болғандар - 67-ге жетті.

Өзгелердің жаңалығы