Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

26 Наурыз 2023, 05:33
766
Бөлісу:
Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

25 наурыз күні сағат 11:20-да Осакаров ауданында «Приишимское ауылы-Шоқай станциясы» жергілікті маңызы бар автожолында құтқару операциясы жүргізілді. Осакаровка кентінен 53 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД күшімен автомобильдер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көліктерде барлығы 10 адам болды, медициналық көмек қажет болмады, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының ТЖД ауа райы нашарлаған кезде алыс сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы