Қарағанды облысында көмір қоры жеткілікті

2 Қазан 2024, 19:21
271
Бөлісу:
Қарағанды облысында көмір қоры жеткілікті
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының тұрғындары қыс мезгіліне көмір сатып алып жатыр. Бұл жұмыс штаттық тәртіпте жүруде, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Көмір 55 орында сатылады. Қатты отын қоры жеке тұтынушылардың да, бизнестің де сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті.

Бүгінгі таңда қорда 43 мың тонна, оның ішінде Қарағанды бойынша – 17 мың тонна бар. Өңірді көмірмен қамтамасыз етуде ешқандай проблемалар жоқ. Бағаларға келетін болсақ, Шұбаркөл көмірі тоннасына орта есеппен 19 мың теңге тұрады. Мысалы, Пришахтинск ауданындағя сату нүктесінде баға - тоннасына 14750 теңгені құрайды. Бағаның қалыптасуына бірқатар факторлар, соның ішінде тасымалдау қашықтығы әсер етеді, - дейді өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ақдидар Рымбек.

"ПСВ86" ЖШС Көмір қоймасының директоры Никита Аносовтың айтуынша, күніне 24 вагон келіп, 30-50 көлік жөнелтіледі. Қойма соңғы клиентке қызмет көрсетіп болғанға дейін жұмыс жасайды.

"Рапид" фирмасының көмірі бойынша мәселе көтерілді. Ол жер асты әдісімен өндірілетінін ескеру керек, сондықтан құны жоғары.

Біздің компания ҚР Үкіметімен келісімшарт жасасып, 2001 жылдан бастап жұмыс істейді, біз көмірді бұрын жабық шахталардың орнында жерасты тәсілімен өндіреміз. Жаңа технологиялар қолданамыз. Шығындарымыз жоғары болуына байланысты біздің көмір қымбатырақ. Бағасына қарамастан сұраныс бар, - деп түсіндірді "Рапид" ЖШС директоры Андрей Белов.

Өзгелердің жаңалығы