Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

14 Сәуір 2022, 09:26
1686
Бөлісу:
Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жаппай егін егу мамыр айының ортасында басталады. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірақ қазірдің өзінде барлық ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжау маңызды. Бар мәселелерді талқылау үшін өңір басшысы Жеңіс Қасымбек агрокеңес өткізді.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Осакаров ауданында кездесуге облыстың барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жиналды. Қаржы институттарының өкілдерін шақырып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтылды. С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары – өсімдіктерді қорғау, егіншілік, тұқым шаруашылығы мамандары келді. Олар тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Облыстағы егіс алқаптары жыл сайын ұлғайып келеді. Биыл олар миллион гектардан асады. Фермерлерді ауылшаруашылық технологияларын сақтауға шақырды, себебі егіннің өнімділігі осыған байланысты.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Ал мемлекет жерді ұтымды пайдалануды ынталандырады. Биыл бюджеттен жоғары сұрыпты тұқымдарды, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді субсидиялауға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаровтың ақпараты бойынша, биыл егістікті минералды тыңайтқыштармен қамту 40%-ға дейін артады. Суармалы жерлердің ауданын ұлғайту жоспарлануда.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Көктемгі дала жұмыстарына 20 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы тартылады. 23,6 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Біз аграршылардың қарқынды технологияларды белсенді енгізіп жатқанын көріп отырмыз. Минералды тыңайтқыштарды, элиталық тұқымдарды көбірек қолдана бастады, заманауи, өнімділігі жоғары техникаға және цифрландыру жобаларына инвестициялар сала бастады. Мұндай жұмыстың нәтижесі өнім шығару мен оның сапасын арттыру болып табылады. Біз егіс науқанына дайындық барысында туындайтын барлық мәселелерді жедел шешу үшін облыстық штаб құрдық. Оны менің орынбасарым Серік Шайдаров басқарады, – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Озық шаруашылықтардың басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қарағанды облысында агротехнологияларды енгізу ынталандырылуда

Бүгінгі таңда ресурстарды тиімді пайдалану, заманауи технологияларды қолдану басты назарда. Онсыз тұрақты өнім алу мүмкін емес. Біз өңірді өз азық-түлігімізбен қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін өзімізді шоғырландыруымыз керек, – деп атап өтті Қазақстан фермерлер одағы облыстық филиалының төрағасы Игорь Жабяк.

Өзгелердің жаңалығы