Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

23 Сәуір 2024, 11:59
221
Бөлісу:
Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады
PHOTO
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағандыда "Менің үйім, менің аулам, менің көшем, менің қалам, менің елім" деген ұранмен "Үздік аула" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың 500-ге жуық тұрғыны ПИК-пен бірлесіп аула аумақтарын тазалауға шықты.

Кооператив төрағасы Людмила Давыдова жұмыла жасаған жұмыс ауызбірлікті нығайтып қана қоймай, өз аулаңды көріктендіруге көмектесетінін атап өтті.

Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Қалалық мәслихат депутаты Александр Бочаров қарағандылықтарды "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысуға және шаһарымызды баршаға ыңғайлы әрі көрікті ету үшін тазалық шараларына үлес қосуға шақырды.

Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Балалар ата-аналарына аула мен алаңдарды тазалауға көмектесті. Менің ойымша, бұл өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі, – деп атап өтті Александр Бочаров.

Экоакция аясында 1000 қап қоқыс жиналды.

"Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан бері барлығы 4 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында құстарға арналып жаңа 100 ұя салынды. Бұл игі шараға еріктілер мен ардагерлер, депутаттар және белсенді тұрғындар қатысты.

Біз қазір өз қаламыз бен бүкіл ел бойынша өтіп жатқан экологиялық акцияны қолдауға шешім қабылдадық. Қаламызда құстар ән айтып, шаһарымыз жайлы және әдемі болғанын қалаймыз. Бұл балалар табиғатты сақтау керек екенін түсінуі үшін қажет. Құстарға арналған ұяшықтарды балалар өз қолдарымен жасады, бұған тіпті бірінші сынып оқушылары да қатысты. Кейбіреулеріне ата-аналар көмектесті, - дейді Мартбек Мамраев атындағы мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Айжан Оспанова.

№ 2 лицейдің 5-сынып оқушысы Азалия Қадырова ерекше құс ұясын жасапты.

Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Шаңырақ түріндегі құс ұясын жасадым. Оны құстарға әдемі және жайлы болу үшін жасанды гүлдермен безендірдім. Мен бәрін өзім жасадым, анам тек қалай жақсырақ жасау керетігін айтты. Мен құстарға ұнайтынына сенімдімін, - дейді Азалия.

Қарағандыда құстар мен жануарлар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын қалалық мәслихат депутаты Айдос Есжанов та атап өтті. Ол сондай-ақ орнатылған құс ұялары табиғатты аялайтынымыздың белгісі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін, құстарды қаламызға көптеп тартуға жақсы тәсіл болады деген пікір білдірді.

Акцияны ұйымдастырушылар қатарында Қарағанды Жастар ресурстық орталығы да бар.

Біздің акцияға 150-ге жуық адам қатысады: кішкентай балалар да, жоғары сынып оқушылары да. Мақсат - қоршаған ортаға қамқорлық жасау. Орталық саябақта құстарға ыңғайлы болу үшін жүзге жуық құс ұяшығы ілінді, – дейді Қарағанды Жастар ресурстық орталығының директоры Якуб Джамалов.

Құстарға арналған ұялар саябақтағы үшінші көлдің жанында ілінді.

Қалада барлығы 1000 құс үйі орнатылған.

Жоба "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы "Жасыл аймақ" апталығында жүзеге асырылып отыр.

Қарағанды облысының қалалар және аудандарында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады.

Қарағанды облысында 90 мыңнан аса көшет отырғызылады

Бүгінгі таңда жүзден аса орманшы Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеттерін отырғызады. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» аясында жүргізіледі. Көшет отырғызу Қарағанды қаласының 90 жылдығына жоспарланған.

Сонымен қатар, қоғам белсенділер мен қала өміріне бей-жай қарамайтын азаматтар гүлзарларға, саябақтар мен үйлердің аулаларына көшет отырғызуда.

Қарағандыда белсенділер Майқұдық саябағында "Жастар Аллеясы" атты жаңа аллея ашты. Мұнда 500 көшет отырғызылды.

Акцияға қалалық мәслихаттың хатшысы Алтынтөре Бөкенов қатысып, тұрғындарды қалалық аумақтарды көгалдандыру мен тазалауда белсенді болуға шақырды. Ағаш егу – бұл тек экологияға қамқорлық жасау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортамызды қорғау мүмкіндігі, өз есіміңізді есиелік ретінде қалдыру, - деп атап өтті ол.

Өтемдік ағаш егу аясында Қарағандыда барлығы 3 мың көшет егіледі.

Экологиялық акцияға "Отражение" қоғамдық эко қозғалысының өкілдері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындар қатысты.

Бүгін жастармен бірге Теміртау экологиясын жақсартуға өз үлесімізді қостық. Қаланы көгалдандырумен төртінші жыл қатарынан айналысып келеміз. Біз ағаштарға күтім жасау жауапкершілігін өз мойнына алатын тұрғындарға көшет таратамыз. Үш жылдың қорытындысына сай, желектердің жерсіну деңгейі 90% құрағанын көріп отырмыз. Демек, біздің тұрғындар ағаштарды күтуге жауапкершілікпен қарайды, – дейді эко-белсенділердің жетекшісі Елена Варганова.

Барлығы Теміртауда 5 мыңнан астам ағаш егу жоспарлануда, бүгін 670 ағаш егілді.

Теректер Абай даңғылында да егілді. Қала көшелеріне 150 көшет егілді. Эко шараға тұрғындар белсенді қатысты.

Қарқаралыда 200 қараған, терек және қарағаш көшеттері егілді.

Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы жалғасуда. Жалпы ел болып жүргізіліп жатқан тазалық шарасы 13 мамырға дейін жалғасады. Әр апта белгілі бір атаумен өтеді. Осы жетікүндік "Жасыл аймақ" деп аталады және ағаш егуге, елді мекендерді көгалдандыруға арналған.

Облыстың қалалары мен аудандарында жасыл желектерлі егу жалғасатын болады.

Өзгелердің жаңалығы