Қарағанды облысында 5 отбасына тұрғын үй сатып алынды

12 Сәуір 2024, 16:12
199
Бөлісу:
Қарағанды облысында 5 отбасына тұрғын үй сатып алынды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысының 4 ауылында 60 үй су тасқынынан зардап шеккені белгілі. Әкімінің орынбасары аккредиттелген ұйым су басқан объектілерге бағалау және техникалық тексеру жүргізілгенін айтты.

Қазірдің өзінде барлық тұрғын үй мен мүлік объектілеріне қорытынды берілді. Үш ауылдағы 6 үй апатты деп танылған болатын. 5 отбасына осы ауылдарда тұрғын үй сатып алынды. Бір отбасы қазіргі таңда қоныстанды, сондай-ақ бір үй салынатын болады. Құрылысқа жер учаскесін таңдау актісі жүргізілді. Үйдің құрылысы келесі аптадан басталады, - деді ол.

Бауыржан Асанов қалған 54 үй жөндеуден өтетінін хабарлады.

Бұл жұмыстар үшін өтемақы төленді. Тұрғындар жөндеуді өздері жасауға ниет білдіріп отыр. Жеке мүлік үшін де, үйді жөндеу және салу үшін де өтемақы бойынша төлемдердің барлық сомалары тұрғындармен келісілгенін атап өткен жөн. Су тасқынын салдарын жою жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда, - деді әкім орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы