Қарағанды облысында 13 денсаулық сақтау нысаны жөнделеді

5 Мамыр 2024, 23:47
269
Бөлісу:
Қарағанды облысында 13 денсаулық сақтау нысаны жөнделеді
Фото: gov.kz

Қарағанды облысында биыл 13 медицина нысанының деңгейі жоғарылайды. Өңірде медициналық көмек көрсетудің барлық стандарттары жаңартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2030 жылға дейінгі әлеуетті даму жоспарына сәйкес Қарағанды облысында 92 нысанды жаңарту көзделген. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту қалай жүріп жатқаны туралы аппараттық кеңесте айтып берді.

Облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығының екі корпусы күрделі жөндеуден өтті. Олар қазір толық жұмыс істеп жатыр. Облыстық клиникалық аурухана корпустарына кезең-кезеңімен күрделі жөндеу жүргізу де маңызды болып табылады. Нысандар ауыспалы, келесі жылы тапсырылады. Осы жылдың маусым айында Балқашта жедел медициналық жәрдемнің жаңа қосалқы станциясы ашылады. Бұған дейін бригада бейімделген үй-жайларда жұмыс істеуге мәжбүр болды, – д ейді Бибігүл Төлегенова.

Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту жалғасады. Жаңғырту аясында 78 нысанның құрылысы басталуы тиіс. Осакаров ауданы Молодежный кентінің ауылдық учаскелік ауруханасында күрделі жөндеу қажет. Қазірдің өзінде ЖСҚ әзірлеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, қазір Қарағандыда (балалар клиникалық ауруханасының жанында) 200 төсектік жаңа перинаталдық орталық салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.

Бұл ретте өзекті мәселелердің бірі білікті кадрлардың тапшылығы болып қала береді. Мәселе, оның ішінде жиһазбен және қажетті тұрмыстық техникамен қызметтік пәтерлер беру есебінен шешіледі. Биыл 200-ден астам маман тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Доскей ауылында 45 пәтерлі үй пайдалануға берілді. Мамыр айында тағы 92 жас дәрігер Қарағандыдағы қызметтік тұрғын үйге кіреді.

Денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту сапалы жүргізіліп, мерзімінде аяқталуы тиіс. Бірақ бірінші кезектегі міндет – білікті кадрларды тарту. Қазір жетекші дәрігерлердің ауылдық аймақтарға сапарлары ұйымдастырылды, бұл жұмысты бақылау және жалғастыру қажет. Сонымен қатар, біз алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша айтарлықтай серпіліс жасауымыз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Өзгелердің жаңалығы