Қарағанды әуежайының иесі өзгерді

30 Желтоқсан 2023, 14:48
647
Бөлісу:
Қарағанды әуежайының иесі өзгерді

Бизнесмен Ерлан Оспанов Facebook парақшасында Қарағанды әуежайын сатып алғанын хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Верный капитал" компаниялар тобының бас директоры қызметінен кететінін хабарлады. Кәсіпкер студенттерге дәріс оқып, стратегиялық менеджмент бойынша кеңес беруді жоспарлап отыр.

Мен үшін жаңа сын-қатер – Қарағанды әуежайын сатып алуым. Бізде оны нағыз авиациялық жүк хабына айналдыруға барлық мүмкіндік бар. Жаңа серіктесіммен көптеген талқылаулар жүріп жатыр. Бұл туралы кейінірек айтамын, - деп жазды кәсіпкер.

Өзгелердің жаңалығы