Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең жырасы әсер етеді. Алдымен оның ықпалы батыс өңірлерде байқалып, кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс пен елдің солтүстік аймақтарына таралады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман байқалады.
Елдің батысында ауа температурасы түнде −2…+5 °C-тан +1…+10 °C-қа дейін, күндіз +2…+10 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы −3…−13 °C аралығындағы теріс мәндерде сақталады. Күндіз ауа температурасы 0…+5 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.
Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны туралы болжам жасады.
Сондай-ақ, қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалатыны хабарланды.