Қар құрсауынан 1 мыңнан астам адам құтқарылды, оның 25-і бала

14 Желтоқсан 2023, 09:42
452
Бөлісу:
Қар құрсауынан 1 мыңнан астам адам құтқарылды, оның 25-і бала
VIDEO
Фото: polisia.kz

Республикалық жолдарда қалып қойған 1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, кейбір өңірде экстремалды жағдайлар байқалды. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін трассаларда полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіппен қызмет етуде. 

Кейбір аймақтың жолдарындағы патрульдік экипаждар саны 2-3 есеге көбейтілді. 

"ҚазАвтоЖол" мен полицияның ескертулеріне қарамастан кейбір жүргізуші трассаларға шығып кетіп, тек полицейлердің көмегімен ғана қайғылы оқиғалардың алдын алатын жағдайларға тап болып жатқаны да кездесуде. 12 облыста халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскелері жабылды. Барлығы 100-ден астам учаске. Жұмыс істеп жатқан жылыту пунктерінің саны – 500. Жолдарда суыққа тоңазыған 1012 адам құтқарылды. Оның ішінде 25 бала. 1100 жүргізушілерге көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

Барлық экипажда арнайы дәрі-дәрмек қобдишасы бар. Олардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгерген. Негізінен сақшылар жолда қалған азаматтардың суыққа тоңған көлік жанармайын жылытуға, бұзылған көлікті жөндеуге, жылыту пункттеріне эвакуациялауға көмектесті және автокөліктерді бір тізбекпен алып жүрді. Біздің бейнешолуымыз осы күндері еліміздің жолдарында орын алып жатқан жағдайларды ұсынады. 

Көптеген жүргізуші мен жолаушы полицейлерге өз ризашылықтарын білдіріп, олардың ескертулерін тыңдауға кеңес берді. 

Өзгелердің жаңалығы