Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар түсірілетіндіктен жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін өңірдегі тасжолдардың бірінде профилактикалық мақсатта қар түсірілмек.
«Сағат 11.00-ден бастап облыстық маңызы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 95-102 шақырымында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды. Жүргізушілерден түсіністік танытуды сұраймыз», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.