- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Қар, бұршақ, тұман. Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Қар, бұршақ, тұман. Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
23 мамырда ел астанасында түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Кеше 2026, 23:27
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ертең 16 облыста дауылды ескерту жарияланды.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, түнде облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 23 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Қонаевта 23 мамырда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ түседі, ал түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұстағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 23 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ түседі деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндізгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Атырау облысында және орталығында 23 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
23-25 мамырда Ақтөбе облысы бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 23-25 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 23 мамырда топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 23 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі облыстың солтүстік-шығысында, солтүстігінде сақталады.
Түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 23 мамырда түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 4 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 23 мамырда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында, орталығында 3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 23 мамырда түнде топырақ беті қатып, 2 градус суық болатыны болжанады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 23 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Жамбыл облысында батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады, сондай-ақ облыстың таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 23 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда да 23 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 23 мамырда күндіз шаңды дауыл тұрып, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 23 мамырда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 23 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Ақмола облысының солтүстік жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда 23 мамырда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ең оқылған:
- Мал бағып жүрген ұлын іздеп шыққан: БҚО-да адасып кеткен әйел табылды
- Қытай АҚШ-ты Кубаға қысымды тоқтатуға шақырды
- Ең төменгі жалақы 150 мың теңге болса, кімнің жалақысы өсетіні айтылды
- Алматы облысында жүрген «зебралар» есек болып шықты
- Трамп Ормуз бұғазында кеме қатынасына төлем енгізуге қарсылық білдірді