"Қар барысына" бас бапкер тағайындалды
27 Маусым 2020, 17:07 1221

"Қар барысына" бас бапкер тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қар барысы" хоккей клубына жаңадан бас бапкер тағайындалды, деп хабарлады "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі.  

Александр Истомин клубтың бас бапкері қызметіне кірісті. Ол "Барыста" жылдан бері еңбек етіп келеді. Осыған дейін шамамен он кезең атыраулық "Бейбарыс" хоккей клубының бас бапкері қызметін атқарған. 

Александр Истоминнің шәкірттері "Бейбарыс" сол кезде төрт рет Қазақстан чемпионатын жеңген болатын.  

Былтырғы маусымда Истомин "Барыс" жастар хоккей клубының бас бапкері ретінде командамен алтынға қол жеткізді. "Барыс" жастар командасы қазақстандық "Жастар" лигасында ойнайды. "Қар барысының" бапкерлер құрамы кейінірек жарияланады.


Фото: дереккөз
Загрузка...