Қапшағай су қоймасында жасөспірім суға батып кете жаздады

Жасөспірім өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

 ТЖМ баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
205
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасының №5 қалалық жағажайында суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, патрульдеу кезінде құтқарушылар 2009 жылы туған азаматтың тыйым салынған қалқыма белгілерінен асып жүзіп кеткенін байқайды. Жасөспірім өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына жетіп, зардап шегушіні судан шығарып, жағаға жеткізді.

Оның жағдайы тұрақты. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх