Қапшағайда әзірге лагерьлер жұмыс істемейді

13 Маусым 2020, 19:02
2224
Бөлісу:
Қапшағайда әзірге лагерьлер жұмыс істемейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы бірқатар мәселе белгіленді.

Жаңа қаулыда Алматы облысы аумағында СOVID-19 сырқаттанушылығының өсім көрсеткіші 2,5% екені айтылып, бұған дейінгі қаулыда белгіленген шектеу шараларының сақталатыны, оған қоса туристік нысандардың жұмысына қатысты да талаптар атап көрсетілді.

Мәселен, халық арасындағы тиісті контингенттерге, сондай-ақ, COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар демалушылар арасында ПТР талдау жүргізу үшін Ақши ауылының дәрігерлік амбулаториясының аумағында жылжымалы авто-зертхананы ұйымдастыру, авто-зертхананы қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жабдықтармен, шығыс материалдарымен және коммуникациялармен қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Сол сияқты аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, туризм субъектілері (объектілеріне), оның ішінде демалыс үйлері (базаларға, аймақтарға), туристік базалар, санаторлық-курорттық ұйымдары да өз кезегінде объектілер аумағына кіру кезінде дезинфекциялық тосқауылдар мен тоннельдер орнатуы, әр рейстен кейін автокөлікті дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізушілердің гигиенасына жағдай жасауы тиіс. Сонымен бірге демалушылардың барлық болу және демалу уақытында объектілердің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салынады. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар тұлғаларды ерте анықтау мақсатында қызметкерлер мен демалушылар күнделікті бақылауға алынады, – делінген қаулыда.

Орын саны 100-ден астатын нысанда медицина қызметкерінің штатын (немесе келісімшарт бойынша), изоляторы бар медициналық пункттерді қарастыру міндеттеледі.

Сондай-ақ әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеру қажет.

Ал Қапшағай қаласы Қапшағай су қоймасының жағалауындағы демалыс аймақтарына және Іле ауданының Жетіген ауылдық округіне апаратын автожолда мобильді бекеттер алынып тасталады.

Тағы бір атап өтерлігі, балалар сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлер де әзірге жұмыс істемейді.

Ал жұмысын жалғастыратын нысандарда барлық санитарлық-дезинфекциялау талаптары сақталады.

Бұл жаңа қаулының күші 2020 жылдың 12 маусымында күшіне енді.
Өзгелердің жаңалығы