«Қаңтар қасіреті»: Өртенген көліктер шығыны қалай өтеледі?

20 Қаңтар 2022, 18:19
2064
Бөлісу:
«Қаңтар қасіреті»: Өртенген көліктер шығыны қалай өтеледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде лаңкестік  кезінде несиеге рәсімделген көптеген автокөліктер өртенді бұл шығын қалай өтеледі? 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев жауап берді. 

Терентьев мәлімдеуінше, тәртіпсіздік кезінде шығынға батқан тұрғындардың әрбір өтініші қаралады.

Несиеге алынған барлық автомобильдер сақтандырылған. Әрине, әрбір шартты жеке-жеке қарастырып шығу керек: қандай ерекше жағдайдар көрсетілген, төлем жасауға қандай негіздер бар? Сондықтан агенттік сақтандыру компанияларымен бірлесіп, сақтандыру қажеттілігі туған барлық сақтандыру полюсі бойынша төлем жүзеге асырылуы үшін жан-жақты шаралар қабылдайды, - деді Александр Терентьев.

Сондай-ақ спикер төлем жасалмаған жағдайда сақтандырылушы азамат сақтандыру омбудсменіне және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы