Қаңтар оқиғасында адамдардың басы кесілгені рас па? - Бас прокурор жауап берді

5 Қаңтар 2023, 15:33
2080
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасында адамдардың басы кесілгені рас па? - Бас прокурор жауап берді

Мәжіліс кулуарында Бас прокурор Берік Асылов Қаңтар оқиғасына қатысты тараған әртүрлі ақпараттың бәрі тексерілгенін айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың басы кесілді деген ақпарат болды. Бұл дерек расталды ма? - деп сұрады журналистер Бас прокурор Берік Асыловтан.

Былтыр 4-5 қаңтарда Қаңтар оқиғасы басталды. Әртүрлі ақпарат тарады. Оның арасында жалғаны да бар. 8 қалада көптеген нысан мен әкімдік өртенді. Әртүрлі ақпарат көзінен түрлі мәлімет түсті. Оның ішінде бұрыс ақпарат та болды. Біз кесілген бас туралы ақпаратты тексердік. Бірақ мұндай адамды таппадық. Тергеуді бастап, ақпаратты толық тексердік. Алайда бұл дерек расталмады, - деп жауап берді Берік Асылов.

Өзгелердің жаңалығы