Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен көлік иелеріне өтемақы беріледі

28 Сәуір 2022, 09:07
1439
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен көлік иелеріне өтемақы беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі. 

Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар. 

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы