Қаңтар оқиғасынан соң сотталған жеті павлодарлық рақымшылыққа ілінді

7 Қараша 2022, 17:31
1472
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасынан соң сотталған жеті павлодарлық рақымшылыққа ілінді
Фото: автордан

Ертіс өңірінде қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін сотталған жеті тұрғын рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды  Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Үстіміздегі жылдың қараша айында қаңтар оқиғасының қатысушылары үшін рақымшылық заңы қабылданғаны белгілі. Облыстық қаржылық-атқару жүйесі департаменті мамандарының хабарлауынша, қазіргі уақытта жеті сотталушыға қатысты амнистия туралы шешім қабылданған.

«Жеті сотталғанның беруі №45 түзеу мекемесінде отыр. Заңға сәйкес ол босатылуы тиіс. Қалған алтауы пробация қызметінің бақылауында. Олардың ішіндегі екеуі бостандыққа шағыралыда, ал төрт азаматтың жазалау мерзімі қысқартылады. Жазасын өтеушілер бойынша материалдар соттарға жолданды. Алдағы уақытта қаралады деп күтілуде», - дейді Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Әділет Мұстафинов.

Рақымшылық жөніндегі заң негізінде сотталушы сот процессінен кейін бірден босатылады. Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтарында Ертіс өңірінде бүлік шығарған 900-ге жуық азамат сотталды. Тәртіп бұзғандардың әрқайсысына қатысты әкімшілік өндірістер қозғалған. Жауапқа тартылғандардың қатарында төрт шетел азаматы болған.

Материалдардың барлығы сотқа жіберіліп, шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтқанда, 220 азамат 15 тәулікке қамауға алынды. Тағы 300-ге жуық бұзақыға 30 АЕК көлемінде айыппұлдар салынды. 

Өзгелердің жаңалығы