Қаңтар оқиғасына қатысты 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған

21 Ақпан 2022, 14:35
1160
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасына қатысты 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылған, 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жадел аяқталуына ерекше назарға алынған, - деді ол. 

Әділов атап өткендей, Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған. 

Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер құрайды.Сотқа 86 айыпталушы берілді (Алматы қ. – 48, Алматы обл. – 5, Ақмола және Түркістан облстары – 1), - деді Әділов. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы