«Қаңтар оқиғасы». Президент барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажеттігін айтты

17 Ақпан 2022, 20:55
1811
Бөлісу:
«Қаңтар оқиғасы». Президент барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Президент өз сұхбатында Ресейдегі бірқатар сарапшылар елімізде болған оқиғаға қатысты «Төңкерісшілердің мақсаты Президент Қ.асым-Жомарт Тоқаевты Қазақстаннан қуып шығу немесе тұтқынға алу» деген болжамына өз пікірін білдірді. 

Бәлкім, бұл Ресейдің барлау қызметінің көзқарасы шығар. Бұл рас та болуы мүмкін. Олар біздің еліміздегі оқиғаларды мұқият бақылап отырады ғой. Қалай десек те, арнайы жасақталған қарулы бандалар билікті басып алғысы келді. Сондықтан шетелдік сарапшылар айтқан пікірдің жаны бар деп ойлаймын. Дегенмен, барлығына байыппен қарап, салмақты баға беру қажет. «Сабыр түбі – сары алтын» деп халқымыз бекер айтпаған. Бізге керегі – асығыс шешім шығарып, істі жауып тастау емес, міндетті түрде ақиқатқа көз жеткізу. Бұл – менің алдыма қойған мақсатым, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы