Қаңтар оқиғасы. Полицияға шабуыл жасағандар анықталды

2 Наурыз 2022, 15:20
1299
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Полицияға шабуыл жасағандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі  бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Ақтөбе қаласында ұялы телефонға түсірілген бейнежазбаның арқасында биылғы 5 қаңтарда «ВАЗ 21014» көлігін тізгіндеп келе жатып, облыс әкімдігінің алдында жоғары жылдамдықпен полиция қоршауын бұзып өткен И. есімді азамат ұсталды. Оның салдарынан сүйек сыну жарақатымен 4 полиция қызметкері ауруханаға жатқызылды, - деді ол.

Қилымжанов атағандай, полиция қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық жасағаны үшін ол азамат соттың санкциясымен ұсталды.  

Ал Алматы қаласы әкімдігінің алдында резеңке таяқтарды пайдаланып, полиция қызметкерлерін қатты соққыға жыққан Т. және И. азаматтары да анықталды, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы